Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Қарағанды кәсіпкерлері қызметкерлерін қамқорлықсыз қалдырмайды

151 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Коронавируске қарсы күрес аясындағы қауіпсіздік үшін қолға алынған бірқатар шектеу іс-шаралары өңірдегі экономикалық ахуалға да әсерін тигізуі  әбден мүмкін. Мәселен, дәл қазіргі уақытта жергілікті атқарушы билік үшін еңбек адамдарының құқықтарын сақтау мен өндіріс жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету – ең маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Осы орайда Қарағанды облысындағы әкімдіктер мен 160 ірі және орта кәсіпорындар, сондай-ақ кәсіподақтар үшжақты арнайы меморандумға қол қойған болатын.

Қарағанды кәсіпкерлері қызметкерлерін қамқорлықсыз қалдырмайды

Кеше облыс әкімі Жеңіс Қасымбек «Қазақмыс» корпорациясы және Жәйрем тау-кен байыту комбинатының басшыларымен кездесті. Сонымен қатар, бұл жиынға ондаған кәсіпорындардың өкілдері селекторлық байланыс арқылы қатысты.

Кездесуде өңір басшысы коронавирус инфекциясымен күрес барысында Елбасы үндеуін қолдап, қоғамдық қорға ақша аударған  компаниялар жетекшілеріне алғыс айтты.

– Өкінішке қарай, мұнай мен металл бағасының құлдырауы салдарынан туындаған экономикалық сипаттағы қауіп-қатердің бар екені рас. Мұның салқыны  біздің өңірдегі кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне  де әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, қызметкерлер мен олардың отбасыларына қамқорлық таныту біздің ортақ міндетіміз,  – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, облыс әкімі инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» әзірлену үстінде екенін хабарлады. Бұл жоба бойынша алдағы уақытта 17,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етілмек.

Қазіргі таңда жұмыс орындарын сақтап, онда еңбек етіп жүрген азаматтарды тұрақты табыспен қамтамасыз етудің маңызы зор.  Осы бағыттағы тындырылған игі істің бірі – облыстың барлық ірі кәсіпорындарымен бірлесіп қызметкерлердің басқарылатын ағыны бойынша жол карталары жасалған. Ал бұл кәсіпорындарда 30 мыңға жуық адам еңбек етеді.

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20