Елорда • 01 Сәуір, 2020

Елорда тұрғындарының оқшаулану деңгейі 4,25 деңгейіне жетті

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова телеграм каналына жазды

Елорда тұрғындарының оқшаулану деңгейі 4,25 деңгейіне жетті

«Сергек» трафигінің индексі 2020 жылдың 12 наурызынан бастап елорда жолдарында көлік саны 71%-ға азайғанын көрсетеді.

Салыстыру үшін «Сергек» жүйесінің карантинге дейінгі және ТЖ жарияланып, карантин енгізілгеннен кейінгі қалыпты күндеріндегі қалалық трафиктің деректері пайдаланылды.

«Карантиннен бұрын кез келген жұмыс күні бұл көрсеткіш – 0,5 баллға тең болған, ал түнде, қала тым-тырыс кезде – 4.6 баллға жететін. Карантин кезінде қалалық қызметтердің, полицияның, жедел жәрдемнің, тамақ жеткізу және тағы басқа қызметтердің көлік қозғалысын есепке алсақ, ең жоғары бал 4,5-ға теңесуі мүмкін» деп жазады М.Бектұрова.

Кешенді шаралар мен қала тұрғындарының сана-сезімінің арқасында қалалық белсенділікті төмендетуге және азаматтардың өзін-өзі қорғауын арттыруға қол жеткізілді. Осы жұмысты әрі қарай жалғастырып, күш біріктіру арқылы вирустың таралуына тосқауыл болайық!