Жаңа жабдықтар сатып алсақ, ең арзанын және ең сапалысын алатындай етіп конкурс ұйымдастыру қажет.
Қазіргі жағдай әр тиынға бақылау жасауды болуы керек. Әркім де осылай өмір сүруі тиіс. Күні бүгінге дейін тиынның қадірін аса бағалай қоймаған біздің елде, жетідегі баладан жетпістігі қарияға дейін үнемдеу қалтадағы қаржыдан санаудан басталатынын ұғынатын кез келді. Қазір жағдай түсіндірді мұны.
Қазақстан сыртқы қарыздар есебінен бюджет тапшылығын 3 миллиард долларға жабуды жоспарлап отыр. Қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұловтың айтуынша, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 2,4 трлн теңге қарыз алу қажет.
Оның ішінде біз сыртқы нарықтардан шамамен 3 миллиард доллар қарыз алуды жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, биыл мұнай бағасының төмендеуіне байланысты Ұлттық қорға шамамен 1 триллион теңге түсім жоспарланған. Бұған дейін бюджет тапшылығы 840,7 млрд. Теңгеге артып, ІЖӨ-нің 3,5% деңгейіне жетеді деп хабарланған болатын.
Сонымен бірге Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық қордан аударымды 4,7 трлн теңгеге дейін ұлғайтуды ұсынып отыр.
Бірер аптадан бері сарапшылар Ұлттық қордың мүмкіндігі туралы шындап ойланып, осыған дейінгі дағдарыстарда қабылданған шешімдері туралы еске түсіре бастады. Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова өткен аптада журналистермен кездескен кезде біз бұдан да ауыр күндерді бастан кешкенімізді, мұны да еңсеретінімізді тілге тиек етіп өтіпті. Экономикаға Ұлттық қордың транферті арқылы дем беру де, қажет болса, сырттан қарыз алу да нарық заңы. Тіпті Ұлттық қордың өзі мұнай дәурені жүріп тұрған кезде басы артық қаржыны жинап, қиын жағдайда оны кәдеге жарату үшін ашылған.
Қазіргі жағдайда Ұлттық қордан аламыз, шетелден қарыз аламыз. Бұл нарық заңы. Нарықтық заңдармен өмір сүрген қағидаларынан аттап кете алмайсыз.
Қазір ұйымдастырушылық шараларды азайтып, барынша үнемдеу саясатына көшетінімізді айтқанмен, әлеуметтік төлемдер секвестрге жатпайтынын, барлық әлеуметтік төлемдер, мемлекеттің барлық міндеттемелері толығымен орындалатынын айтты.
Сөз етіп отырған мәселе бізде ғана емес, өзге елдерде де, тіпті алпауыт елдердің өзінде де өзекті екенін БАҚ арқылы көріп отырмыз. Өткен аптада РФ Мемлекеттік думасында халықаралық форумдарға, шенеуніктерінің шетелдік іс–сапарларына жұмсалатын басы артық шығындарға тыйым салатын арнайы құжатқа қол қойды. Енді мемлекеттік шенеуніктердің іс-сапарлары ғана емес, корпаративтік шығандары да бірорталықтандырылған арнайы құрымдардың бақылауында болмақ. Одан бөлек, іс-сапар шығындарының көлемі жалпыға бірдей бекітілген сома негізінде білгіленеді. Жалғыз Ресей ғана емес, көршіміз өзбек, қырғыз елі де бюджет шығынын барынша үнемдеу саясатын қолға алды. Бақсақ мұндай шаралар бізден емес, батыстан, әлдеқашан басталғанға ұқсайды.
Ұлыбритания үкіметі қатаң үнемдеу арқылы 2018-2019 жылдары тапшылықсыз бюджетке шыққысы келетіндерін ашық айтты. Нәтижесінде оның мемлекеттік шығындарды жылдық үнемдеуі миллиард фунт стерлингті құрауы тиіс көрінеді. Алдағы үш жыл бойы осы қатаң тәртіп пен ереже бұлжымай орындалуы тиіс. Онсыз да жұмыртқадан жүн қырқатындай үнемшілдігімен белгілі ағылшындар белбеуді одан бетер тарта түсетін сыңайлы.
Қаржы министрі Риши Сунак апта басында шығынды қысқарта отырып, экономиканың өсуіне осылай қолдау көрсетіп ғана қоймай, сонымен қатар сырттан қарыз алуды да қысқартпақ. Өйтпеген күнде Ұлыбританияның мемлекеттік қарызының деңгейі 2025 жылдары өзінің ең шырқау шегіне жетіп, ІЖӨ-нің 80 пайызын құрайды екен. Конференцияда баяндама жасағандардың пікірі бойынша, бұл көрсеткіш тек 2022 жылға қарай ғана сәл төмендейтін секілді (75,9 пайызға дейін).
Үкіметтің мемлекеттік қарызының таза көлемі ағымдағы қаржы жылында 110 миллиард фунт стерлингтен сәл ғана асатын деңгейде белгіленген. Ал келесі жылы Ұлыбритания үкіметі 96 миллиард фунт қарыз алып, одан арғы жылдары оның көлемі жыл сайын 20-25 миллиардқа қысқара түспек. Биылдың өзінде үкімет көлденең шығындардың көлемін азайтып, оған төленетін қаржыны 1 миллиард фунтқа дейін қиып тастап отыр. Бұл талап алдағы екі жылда да жүзеге асырылып, британдық үкімет үш жылда 3 миллиард үнемдемек.
Бұған қарап, денсаулық сақтау, білім, жергілікті өзін-өзі басқару, сонымен қатар арнаулы қызметтер мен жедел жәрдем беру қызметтері не болар екен деген ой келмеуі керек. Өйткені британдық үкімет бюджетті үнемдеу әлеуметтік салаларды соқпай өтеді деп уәде беріп отыр. Керісінше, аталған салаларға бөлінетін қаржы көлемі өсетін көрінеді. Тіпті бастауыш сынып оқушыларына берілетін тегін тамақтың сапасы мен құнарлылығына аса мән бермек. Британдық үкімет мектеп жасынан асқан жастарды зорлап жұмыс істеуге мәжбүрлемек. Әрине жұмыс болса, кім одан бас тартады дейміз ғой. Бірақ ағылшындар «ана жұмыс ұнамайды, оған менің көңіл-қошым жоқ» – деп, жәрдемақы алып жүре беретін көрінеді. Енді 18-бен 21 арасындағы жастарға берілетін жәрдемақыдан қағылып, талап етілген мамандықтарды игеруге көшеді. Осыған мәжбүрлеуіміз керек деп шешім шығарып отырған үкімет нәтижесінде жұмыссыздық көлемін 7 пайызға түсіреміз деп үміттенуде. Ал енді қарттар қайтеді? Үкімет 2040 жылы оларды 69 жасқа дейін жұмыс істепек. Осындай жауапкершілікті мойнына алып, аталған шараларға бару Ұлыбританияның экономикалық ахуалының тығырыққа тіреліп тұрғанын байқатады. Осыдан сәл ғана бұрын мемлекеттің Қаржы министрлігі зейнет жасын тек 2046 жылы ғана 68-ге жеткізу керек деген ойын айтқан. «2020 жылы зейнет жасы 66 жас болып белгіленеді, одан арғысын көре жатармыз» деген Қаржы министрінің пікірін аяқасты жоққа шығарған үкімет өздерінің бұл қадамға баруға мәжбүр болып тұрғанын ашық айтпаса да, білдіріп отыр. «Біздің мақсатымыз – үйдің төбесін жаңбыр жаумай тұрып, жөндеуден өткізу, өйткені біз мемлекет қарызын ұлғайта алмаймыз», – деген Қаржы министрі зейнет жасын өсіру арқылы 400 миллиард фунт үнемдейтіндерін де жасырмайды.
Сірә, әлем тұрғындарына үнем белбеуін тарта байлайтын уақыт таяп қалған секілді.