«Мысалы, әскери бөлімшелері бар облыстарда әскерилердің басым бөлігі міндеттерді толық атқарып жатыр. Кейбір міндеттер өзге облыстарға бөлінді. Бүгінде әскерилердің айтарлықтай бөлігі стратегиялық маңызды нысандарды, қарулы қоймаларды күзетуде. Десек те, қорғаныс күштерінің резерві қажет. Сондықтан да, әкімдер өңірлерде әскери міндеттілерді шектеулі көлемде шектеулі уақытқа жинап, қолдау көрсеткендері абзал. Әскери міндеттілер жиын кезінде әскери қызметкер лауазымына ие болады. Олар барлық әлеуметтік жеңілдіктермен қамтылады. Ол азық-түлік, киім-кешек және медициналық қызметтермен қамтамасыз етіледі» деді Н.Ермекбаев.
Айта кетейік, Әкімдер әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыра алатынын хабарлаған болатынбыз.