Экономика • 03 Сәуір, 2020

Халықаралық дауларды шешуде онлайн жүйе қолданылады

351 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы коронавирустың пандемиясына байланысты онлайн қызметке иек артады. Екі орган дауларды шешу қызметтеріне кедергісіз қол жеткізу және пайдаланушылар мен қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін керекті шаралар қабылдады.

Халықаралық дауларды шешуде онлайн жүйе қолданылады

Үкіметтің қаулысына сәйкес, дауларды шешудің барлық онлайн-қызметін ақысыз ұсынбақ. АХҚО Соты мен ХТО-ға шағымдарды екі органның ресми сайттарында сілтемелері бар eJustice электрондық әділет жүйесі арқылы онлайн режимінде беруге болады. Дауларды аудио және видео технологиясын қолдана отырып, электронды құжат алмасу арқылы шешіледі. Дау тараптары сот төрелігіне қол жеткізу үшін үйлерінен немесе кеңселерінен шығудың қажеті жоқ. Бүгінгі таңда ХТО медиация ережелерін қолдана отырып 57 медиация процесі жүзеге асырылды. ХТО сонымен қатар екі арбитраждық шағымды қарастыруда. АХҚО Соты өз кезегінде бір істі қарастырды.

Сот төрелігін онлайн режимінде қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралардан бөлек, жақын арада АХҚО Сот және ХТО-ның онлайн вебинарлары ске қосылмақ. Олар заң және бизнес қауымдастықтарға АХҚО Соты мен ХТО жұмысы туралы және құқықтық тақырыптарды талқылау, сондай-ақ COVID-19 коронавирусына қатысты мәселелер мақсатында жарияланады.

АХҚО Соты мен ХТО коммерциялық дауларды «бір терезе» негізінде шешуге арналған барлық қызмет түрлерін ұсынады. Екі орган да Қазақстан Республикасының сот жүйесінен тәуелсіз және АХҚО-дағы азаматтық және коммерциялық дауларды, сондай-ақ тараптар АХҚО Соты мен ХТО-ның юрисдикциясын қолдануға келісім берген дауларды шешудің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыс істейді. АХҚО Соты және ХТО-ның судьялары, арбитрлары, делдалдар, процедуралар, практика және стандарттар әлемнің ірі қаржы орталықтарында жұмыс істейтін компанияларға танымал.

Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО Соты және ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы:

«Біз COVID-19 коронавирусымен байланысты жағдайдың дамуын мұқият қадағалаймыз және АХҚО Соты мен ХТО жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолданамыз. Қазіргі уақытта АХҚО Соты мен ХТО барлық шағымдар мен сот отырыстарын, тараптардың үйлерінен шығып, денсаулығына қауіп төндірместен, онлайн режимінде жүзеге асырайды. Инвесторлар мен кәсіпкерлер өздерінің даулары АХҚО Соты мен ХТО-да онлайн режимінде, заңдылықтың жоғары стандарттарын қолдана отырып, үнемді және уақтылы шешілетініне сенімді бола алады».