Спорт • 03 Сәуір, 2020

ITF теннис жарыстарын жазға дейін тоқтатты

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық теннис федерациясы (International Tennis Federation, ITF) 2020 жылдың 13 шілдесіне дейінгі барлық жарыстарды тоқтатты деп хабарлады Olympic.kz. 

ITF теннис жарыстарын жазға дейін тоқтатты

Кәсіби теннисшілер арасындағы ITF World Tennis Tour, ITF Seniors Tour және жасөспірімдер мен мүмкіндігі шектеулі теннисшіер арасындағы турнирлер, сондай-ақ, жағажай теннисінен әлем чемпионаты, Дэвис Кубогі мен Федерация кубогінің аймақтық турнирлері кейінге шегерілді. 

«Тенниске қатысы бар жандардың денсаулығын сақтау біздің басты міндеттеріміздің бірі болып қала береді. Мұндай шешімдердің спортқа әсерін жақсы білеміз және барлық шешім үлкен жауапкершілікпен қабылданады», деді ITF президенті Дэвид Хаггерти.