03 Қыркүйек, 2013

Неге?

286 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

жол апатынан қаза тапқандардың саны өсіп барады

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «өткен апта ішінде (19-25 тамыз аралығында) елімізде 547 жол-көлік оқиғасы болып, 108 адам көз жұмды, 719 адам түрлі жарақат алды», деп хабарлады.

жол апатынан қаза тапқандардың саны өсіп барады

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «өткен апта ішінде (19-25 тамыз аралығында) елімізде 547 жол-көлік оқиғасы болып, 108 адам көз жұмды, 719 адам түрлі жарақат алды», деп хабарлады.

Жамбыл облысының «Алматы-Ташкент» тас жолында 10 адам­ның өмірін қиған ірі жол апаты болды. Екі «Ауди» автокөлігі соқтығысып, жолаушылардың барлығы көз жұмған. Тағы бір жантүршігерлік оқиға Қостанай облысының Амангелді ауданында орын алды. «Арқалық-Тор­ғай» автожолының 54-ші шақырымында «Фольксваген» көлігінің жүргізушісі жол жиегіне шығып кетіп, ішінде отырған 7 адам қаза болды. Апаттан тек 13 жасар бала ғана аман қал­­­­ған көрінеді. Ол қазір түрлі жа­рақаттарымен ауруханада жатыр. Дәл осы күні Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы «Чапаев-Жал­пақтал» автожолының 22-ші шақырымында УАЗ және ВАЗ маркалы автокөліктер соқтығысып, нәтижесінде 6 адам қаза тапқан.

31 тамыз күні сағат 11.30-да «Алматы-Ұзынағаш» авто­жо­лының 55-шақырымында Фабричный кентінің маңында Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов жол апатына ұшы­рады. Ол кезде аймақ басшысы Конституция күніне орай ұлттық ат спорты түрлерінен Қа­­зақстан Президенті кубогы үшін дәстүрлі жарыс өткен «Көк бастау» ипподромынан қайтып келе жатқан. Апат салдарынан облыс әкімі Аңсар Мұсаханов, оның орынбасары Серік Мұқанов, Жамбыл ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев зардап шекті. Қазіргі таңда жапа шеккендердің барлығы да №4 қалалық ауру­ханаға жатқызылған. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, олар­мен соқтығысқан «Toyota Camry» автокөлігі жолдың қарсы бағытына шығып кеткен көрінеді.

Шынында да, елімізде көлік апаты жиілей түсті. Бейбіт заманда мұншама адамның ажал құшуы алаңдатпай қоймайтын жайт. Полицейлер мұны «жүр­гізушілердің жол ережесін сақ­тамауынан» көрсе, мамандар «сапасыз жолдың да әсері бар» дейді.

«Жүргізушілердің жол қоз­ғалысы ережесін ескермеуі, жыл­дамдықты асыруы, қарсы бағытқа шығып кетуі көбіне жол апаттарына негіз болуда. Сондай-ақ жүргізушілердің ба­лаларға қауіпсіздік белдігін тақпауы, арнайы автокреслоға отырғызбауы да алаңдатады», дейді Ішкі істер министрлігі жол полициясы комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина.

Айдар ӨРІСБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».