Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

Павлодар облысы: Шұға, Жалаулы, Шолақсор ауылдары су тасқынын күтуде  

995 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің коммуникациялар тобы қызметінің мәліметінше, департамент бастығы, Азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Өтегенов бастаған Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов, «Қазгидромет» мекемесінің облыстық филиалының директоры Маржан Құсайыновалар Ақтоғай ауданының су тасқыны қауіпті жерлерін аралады.

Павлодар облысы: Шұға, Жалаулы, Шолақсор ауылдары су тасқынын күтуде   

Жыл сайын көктемде Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан келетін  су қар суымен араласып ауылдарға қауіп  төндіреді. Қазір Сілеті  су қоймасынан су жіберу тұрақты бақылауда.

а

Ауданның Шұға, Жалаулы ауылдары Селеті өзенінің жанында орналасса, Сілеті су қоймасынан су жіберу кезінде су түгелдей Шолақсор ауылына келеді.

Жалаулы ауылының маңындағы су өткізетін құбырлар тазаланыпты.

Шолақсор ауылының маңында 2 құбыр салыныпты, ұзындығы 2 шақырым жолдың деңгейі көтерілген, облыстың бюджетінен 43,2 миллион теңге бөлінген.

Жалпы, аудан бойынша көктемгі кезеңнің су тасқынының алдын-алу үшін 100 тонна интерттік материал, 100 тонна шлак, 5000 қап сыйымдылық дайындалған.

Еріген суды сорып алу үшін жылжымалы сорғы стансасы бар. Ауылдардан 5 277 тонна қар шығарылған.

Аудандағы су тасқынына қарсы іс-шараларының жоспарына сәйкес облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен техника құралдары дайын.

 

Павлодар облысы

Сурет: департаменттен жіберілді