Әлем • 05 Сәуір, 2020

ОПЕК +  жиыны Сауд Арабиясының наразылығына байланысты кейінге қалдырылды

144 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

6 сәуірге жоспарланған ОПЕК + төтенше жиналысы 9 сәуірге қалдырылды, өйткені Мәскеу мен Эр-Рияд мұнай өндірісіне қатысты келіспеушіліктерді әлі шеше алмай отыр.

ОПЕК +  жиыны Сауд Арабиясының наразылығына байланысты кейінге қалдырылды

Әзербайжан Энергетика министрінің кеңесшісі Замина Алиева РИА Новостиге берген сұхбатында бейне конференция форматында өтетінін айтты. Сонымен бірге, бірқатар БАҚ Сауд Арабиясының тым наразылығына байланысты келіссөздердің өтетін күні кейінге шегерілгенін жазып жатыр.
Атап айтқанда, саудиялықтар Ресей Президенті Владимир Путиннің Сауд Арабиясы ОПЕК + келісімін бұзуды бастады  және американдық тақтатас индустриясын банкротқа ұшырату үшін мұнай бағасын түсіргені туралы мәлімдемесіне наразы. Мұнай бағасын тұрақтандыру жөніндегі ОПЕК + отырысы дүйсенбіде өтеді деп хабарланған болатын, оған Әзербайжан да шақырту алды. Осы жағдайда жұма күні таңертең түсетін «қара алтынның» бағасы өсуге қайта оралды. Сарапшылар бұл жаңалық мұнай бағасына әсер етпейтінін жазып жатыр.  Себебі бас қосудың өтетін күні  тек қана кейінге  қалдырылды. 

Өз кезегінде ТАСС агенттігінің  ОПЕК + делегацияларындағы дереккөздері кездесуді кейінге қалдыру мәселесі талқыланып жатқанын айтады. Аса сенімді дерекөздер   кеше кешкісін  6 сәуір енді соңғы күн емес, басқа дереккөз бұл оқиға 9 сәуір бейсенбіге дейін кейінге қалдырылуы мүмкін  екенін айтты.

Путин ОПЕК + пен АҚШ-пен бірге мұнай өндірісін қысқартуға дайын екенін мәлімдеді.
Бұған дейін Сауд Арабиясының Мұнай өнеркәсібі министрі ханзада Абдулазиз бен Салман Мәскеудің мәміленің сәтсіздікке ұшырауына жауапты Эр-Рияд екендігімен келіспеді. Оның айтуынша, келісімді ұзартпау туралы алғашқы шешімді Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак жариялаған.
Коронавирустық пандемияға және наурыздың басында өндірісті қысқарту туралы ОПЕК + келісімінің бұзылуына байланысты мұнай бағасы төмендеді. Альянс елдері мұнай өндіруді азайту немесе оны ұзарту үшін келісімнің параметрлерін өзгерту туралы келісе алмады. Ресей қолданыстағы жағдайды сақтау керектігіне назар аударды, ал Сауд Арабиясы мұнай өндіруді қосымша төмендетуді талап етті. Нәтижесінде, 1 сәуірден бастап бұрынғы одақтас елдерде мұнай өндірісіне шектеулер алынып тасталды.
18 наурызда Brent маркалы мұнайдың бағасы 2003 жылдан бері алғаш рет барреліне 25 долларға дейін төмендеді, ал WTI маркалы мұнайдың баррелі 2002 жылдың ақпан айынан бері алғаш рет 21 доллардан төмендеді.

Brent маркалы мұнайдың баррелі 2 сәуірдегі аукционнан кейін 21% -ға қымбаттады. 3 сәуірде кешке Brent маркалы мұнай бағасы 9 пайызға қымбаттап, барреліне 32,7 долларды құрады.