Руханият • 06 Сәуір, 2020

Жауапкершілік танытатын кез

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылсын деген Жарлығына қосыламын. Өйткені әлемде қандай жағдай болып жатқанын кез келген саналы адам түсінеді деп ойлаймын. Сондықтан бұған түсіністікпен әрі жауапкершілікпен қарау керек.

Жауапкершілік танытатын кез

 

Оның үстіне биыл «Волонтер жылы». Ел волонтерлері тек азық-түлік, дәрі-дәрмек таратып қана көмектеспей, тәртіп сақшылары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де шамалары келгенше қолғабыс етіп жүр. Қазіргі жағдайда әрбір адам, әрбір жұмыс күші қымбат. Өйткені қалаларда халық көп шоғарланған. Сол себепті халықтың қауіпсіздігі үшін арнаулы жиынға қатысу әскери міндеттілердің парызы болмақ.

Өзім металлургия зауытының қызметкері ретінде әр зауытта денсаулыққа қатер төнетінін айтар едім. Сондықтан сақтық шараларын сақтану маңызды. Дәл сол зауыттағыдай бүгін бүкіл әлемге де қауіп төніп тұр. Адамзат мұның жауапкершілігін сезініп, сақтанғаны абзал. Мұндайда азаматтарымыздың Отан алдындағы борышы да естен шықпауы керек. Ал біздің елдегі әскери міндеттілердің көбі – жастар. Бәріміз білетіндей, жастардың дені сау, мықты. Сондықтан жастарымыз үшін алаңдамауға болады. Маған кез келген уақытта хабарласып, шақырса, ойланбай барамын. Бұл індетті бірлесіп жеңеріміз сөзсіз.

 

Михаил БАЙТЕРЯКОВ,

«УМЗ» АҚ Жұмыс істеуші жастар кеңесінің төрағасы