Қазақстан • 06 Сәуір, 2020

42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

2929 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, https://t.me/Help42500Bot сілтемесі арқылы өтіп, «Start» батырмасын басу қажет.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат үшін:

1. «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;

2. Өзінің ЖСН енгізу;

3. Электронды пошта адресін енгізу;

4. Телефон нөмірін енгізу;

5. Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);

6. Өтінішті растау;

7. Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.

Қызметкер үшін:

1. «Қызметкер» батырмасын басу;

2. Өзінің ЖСН енгізу;

3. Жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;

4. Электронды пошта адресін енгізу;

5. Телефон нөмірін енгізу;

6. Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);

7. Өтінішті растау;

8. Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
сіздің өтініміңіздің өңделгені туралы жауап.