«42 500 теңге алу үшін өтінім беретін Telegram-бот іске қосылды. Өкінішке қарай, бот кеш іске қосылып отыр. Өйткені бұған дейін біреулер жалған Telegram-боттар шығарып халықты жаңылыстырды. Сондай-ақ біздің порталдар да жұмыс істемей қалған болатын. IT мамандар мен біздің министрлік және Цифрлық даму министрлігі тарапынан мамандар күні-түні жұмыс істеді. Осындай техникалық ақаулар үшін сіздерден кешірім сұраймыз. Қазір Telegram-бот пен порталдар тұрақты жұмыс істеп жатыр», деді Біржан Нұрымбетов.
Еске сала кетейік, бұған дейін 42500 теңге алу үшін өтінім беруге арналған боттың іске қосылғанын жариялаған болатынбыз.