Елорда • 06 Сәуір, 2020

Жүк көліктері жасыл дәлізді қалай қолданады?

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде елорданы азық-түлік және азық-түлік емес тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін «Жасыл дәліз» құрылды.

Жүк көліктері жасыл дәлізді қалай қолданады?

Енді Нұр-Сұлтан қаласы арқылы және кіру/шығу үшін жүк таситын көлік жүргізушілері post.iqala.kz сайтында бақылау-өткізу пунктінен кедергісіз өтуге өтініш бере алады.

Жүруіне арналған өтінім тікелей «Сергек: бақылау-өткізу пункті» қосымшасына кіреді.

Жүк машинасының жүргізушісі сайтқа кіріп, кіру / шығу деректері, көлік құралының нөмірі, ЖСН, тасымалданатын тауардың атауы, олардың саны және маршруттың өзі көрсетілген өтініш толтыру қажет.

Өтінімді беру үшін ЭЦҚ және басқа да элементтер қажет емес. Бұл тек Нұр Сұлтан қаласына қатысты.

Бұл әдіс бюрократиялық кедергілерге көп уақытты қысқартады, бақылау-өткізу пунктерінде деректерді қолмен толтыру қажет емес. Осылайша, адам мен адамның тікелей байланысы іс жүзінде нөлге тең, бұл пандемия жағдайында өте маңызды. Елордаға қандай тауарлар және қанша әкелінетіні туралы мәліметтер бірден қаланың бас Штабының дерекқорына түседі.