04 Қыркүйек, 2013

Сапар аясындағы бизнес-форум

287 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Астананың «Rixos» қонақүйінде Индонезия Рес­пуб­­ли­касының Президенті Сусило Бамбанг Юдойононың Қазақстанға мем­лекеттік сапары аясында Қазақстан-Индонезия бизнес қауымдастығының форумы болып өтті.

Кеше Астананың «Rixos» қонақүйінде Индонезия Рес­пуб­­ли­касының Президенті Сусило Бамбанг Юдойононың Қазақстанға мем­лекеттік сапары аясында Қазақстан-Индонезия бизнес қауымдастығының форумы болып өтті.

Оны Индустрия және жаңа технология­лар министрлігі, «Қаз­нексИнвест» АҚпен­ Қазақ­стан­ның Сауда-эко­но­микалық палатасы Ин­донезияның Экономика министрлігі және Қазақ­стан­дағы елшілігі мен ын­тымақтаса отырып ұйым­дастырды. Форум жұмысын Қазақстанның Сауда-эко­номикалық палатасының президенті Сабыр Есімбеков ашып, жүргізіп отырды. Қа­зақ­станның Экономика және бюджеттік жоспарлау ми­нистр­лігінен құттықтау сөзді вице-министр Тимур Жақсылықов айт­ты. Ол екі елдің Мемлекет басшы­ларының жоғары деңгей­дегі сапарлармен алмасуы Қазақстан мен Индонезия экономи­ка­ларының ын­тымақтаса түсуді қалағанын көр­се­тетін фактор екенін атап өтті.

Екі елдің арасындағы бүгінгі күнгі сауда-эконо­ми­калық байланыстар тұрақты түрде даму үстінде. Нақты айтар болсақ, 2012 жылдың қорытындысы бойынша екі елдің арасындағы сау­да айналымы 57,2 млн. АҚШ долларын құрады. Ал биыл­ғы жылдың алғашқы жар­ты­сындағы ғана көрсеткіш одан үш есе артып, 150,5 млн. АҚШ доллары көлеміне жетіп отыр. Осының өзі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың былтырғы сәуір айында Индонезияға жасаған ресми сапарының ынтымақтастыққа игі ықпал еткендігінің арқасында қол жеткізген табыс болып отыр.

Со­нымен қатар, қазақстандық вице-министр Индонезияны Қазақ­станның Оңтүстік-Шығыс Азия­дағы белсенді және перспек­ти­ва­лы экономикалық әріптесі деп санайтынын жеткізді. Өзі­нің сөзінде ол Қазақстандағы ин­вес­тициялық ахуалдың барынша оңтайлы екенін, мұның өзі бірлескен іскерлік ынтымақтастық орнатуға барынша қолайлы екенін атап өтті. Осындай тиімділіктің ар­қасында 2012 жылы Қазақстан экономикасына 22,5 млрд. АҚШ долларына тең инвес­тиция тартылды. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық.

Индонезия тарапынан жауап сөз айтқан Экономика минис­трі­нің орынбасары Ризал Аффанди Лукман Қазақстан тарабына жақсы ұйымдастырылған қарсы алу үшін алғысын жеткізе келіп, Қазақстанды Индонезияның бо­лашақ үлкен экономикалық әріптесі ретінде көр­гісі келетінін айтты. Біз Қазақ­станның эконо­микалық же­тіс­тік­терін жақсы білеміз. Посткеңестік республикалар арасында Қазақстан өзінің жақсы бас­тамаларымен барынша танымал, деді ол. Сонымен бірге, вице-министр жоғары дең­гейдегі ресми сапарлардың бұл іске игі ықпал ететінін атап өтті.

Форум барысында Қа­зақ­стан Рес­публикасы Сауда-эко­­но­­ми­калық палатасы мен Ин­до­­незияның осын­дай қызметі ара­сында ынты­мақ­тастық орнату жөніндегі келі­сімшартқа қол қойылды. Сондай-ақ, бір­неше қазақстандық және индоне­зиялық компаниялар өзара ын­ты­мақтастық орнату жөніндегі екі­жақты ке­лі­сімдерге қол қойды.

Форум барысында сөй­ле­ген шешендер арасында «Қаз­энерджи» ассоциациясының ат­қарушы директоры Рамазан Жан­пейісов те болды. Ол 2017 жылы Қазақстан Астана қаласында Бүкіләлемдік мұнай конгресін өткізуге ұмтылып отырғанын атап өтті. Осы тарапта индонезиялық ком­панияларды Қазақстанның кан­дидатурасын қолдауға ша­қырды.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан».