Спорт • 07 Сәуір, 2020

Футбол: Пара алды деп айыпталуда

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Әділет министрлігі футболдан 2018 және 2022 жылғы әлем чемпионатының құқығын иелену үшін Ресей мен Катар ФИФА-ның атқару комитетінің мүшелеріне пара берді деп мәлімдеді.

Футбол: Пара алды деп айыпталуда

Ресейлік sports.ru сайты жариялаған мәліметке сенсек, ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті, Пуэрто-Риконың азаматы Джек Уорнер Ресейге дауыс бергені үшін 5 миллион АҚШ доллары көлемінде пара алған. Сол секілді Гватемаланың өкіліне де дәл сондай ұсыныс түскен.

Бразилия футбол қауымдастығының экс-президенті Рикардо Тейшейра,  Оңтүстік Америка футбол конфедерациясының басшысы, парагвайлық  Николас Леос  және тағы бір есімі әлі анықталмаған адам 2022 жылғы дүниежүзілік доп додасын ұйымдастыру құқығын жеңіп алуға ықпал еткені үшін мол көлемде сыйақы алған көрінеді.