Әлем • 07 Сәуір, 2020

Аустрия карантин режимін бәсеңдетеді

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустрия Еуропада алғашқылардың бірі болып карантин режимін жеңілдетпек. Соған сәйкес, 14 сәуірден бастап көлемі шамамен 400 шаршы метр болатын дүкендер, сондай-ақ құрылыс тауарлары мен бағбандарға арналған тауарлар сататын дүкендер ашылады.

Аустрия карантин режимін бәсеңдетеді

Одан үлкенірек сауда орталықтары 1 мамырда ашылуы мүмкін. 15 мамырдан бастап мейрамханалар мен қонақ үйлер біртіндеп жұмыстарын жалғастыра бастайды. Дегенмен, қоғамдық көлікте маска кию әзірге міндетті болып қала бермек. Мектептер мамыр айының ортасына дейін жұмыс істемейді.

Індеттің жаңа толқыны қайта басталса, ел билігі карантиннің барлық шараларын қайта күшейтеді.

Аустрияда коронавирус инфекциясын 12 332 адам жұқтырған, қайтыс болғандар саны – 220.