«Атырау қаласында карантин мен облыс аумағында шектеулердің енгізілуіне байланысты Азаматтық орталық базасында волонтерлер штабы құрылды. Штабқа қаланың кез келген тұрғыны ерікті бола алады. Олар сұранысқа ие салаларда жұмыс істейді» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, волонтерлер штабы бес бағытты қамтуды көздеген. Мәселен, автоеріктілер тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге қолғабыс жасайды. Медицина еріктілері жедел жәрдем қызметкерлеріне, СЭС еріктілері дезинфекция жұмысына көмек береді. Волонтерлердің бір тобы полиция қызметкерлерімен бірге рейдке шығады. Сондай-ақ ерікті тігіншілер бірнеше мәрте қолданатын медициналық маска тігуге атсалыспақ.
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
АТЫРАУ