Саясат • 08 Сәуір, 2020

Игіліктің бәрі халық үшін

177 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі тұрғындар көкейіндегі көптеген сұраққа нақты жауап берді деп ойлаймын.

Игіліктің бәрі халық үшін

Президент әсіресе  індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге ерекше қолдау көрсетілетінін атап өтті. «Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда. Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары. Сондықтан пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жө­нін­де шешім қабылдадым. Дәрі­гер­лерге және медицина қыз­мет­керлеріне 3 ай бойы қосымша үстемеақы төленеді. Меди­цина қызметкерлерінің өмірін сақ­тан­дыру мәселесі де шешімін тапты. Әрине ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық», деді Мемлекет басшысы.

Мұның маңызы ерекше. Дамыған елдерде коронавирус­пен күреске жұмылдырылған дәрігерлерге ерекше қамқорлық көрсетіледі. Президенттің қабылдаған шешімі еліміздің даму жолындағы тағы бір баспалдағы іспетті.

Жалпы, ақ халатты абзал жандарға ерекше қолдау көрсету осы пандемия аяқталғаннан кейін тоқтап қалмауы тиіс. Қазақ «бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпайды. Дәрігерлер – дәл осы денсаулықты сақ­тау­ға жауапты бірден-бір қыз­мет­кер­лер. Яғни олардың еңбегі лайықты ескерілуі тиіс.

Қоғамда 42500 теңге мәселесі де көп талқыланды. Оны кімнің алатыны да сұрақ туғызған. Бұған Қ.Тоқаев нақты жауап берді. Соған орай бұл қолдауға өзін өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бо­йынша шын мәнінде мұқтаж адам­дарға ғана берілмек. Мемлекет басшысының ай­туын­ша, бұл көмекпен жалпы 3 миллионға жуық азаматымыз қамтылмақ. Сонымен қатар тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді. Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да иеленеді.

Қорыта айтқанда, төтенше жағдай кезінде мемлекет халықты ұмытпайтынын, елдегі игілік халық үшін екенін анық аңғартты.

 

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты