04 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы № 303

508 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

2013 жылғы 29 сәуір,    Астана қаласы

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы №279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7769 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 маусымда №396-400 (27474) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасында (бұдан әрі – Қағида):
6-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте бейіндік бағыт бойынша магистратура қажетті іскерлік қабілетке ие және жоғары тұрған лауазымдарға жылжыту үшін резервте тұрған, жасы 40-қа дейінгі, ішкі істер органдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, аумақтық ішкі істер департаменттерінің, көліктегі ішкі істер департаменттерінің және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД, КІІД, ҚАЖД) бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар ішкі істер органдары қызметкерлерімен жасақталады.»;
мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:
 «30-1. Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша магистратураға және PhD докторантураға қабылданған қызметкерлермен Білім беру қызметін көрсетуге келісімшарт (магистратура/ PhD докторантуpa) жасайды.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Кадр жұмысы департаменті (А.Ү.Әбдіғалиев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді және мерзімді баспа басылымдарда жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр  полиция генерал-лейтенанты       Қ.ҚАСЫМОВ.

Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 29 сәуірдегі №303 бұйрығына қосымша

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу  бағдарламаларын іске асыратын  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру  ұйымдарына оқуға қабылдау  қағидаларына 3-қосымша
 
 нысан
Білім беру қызметін көрсетуге келісім-шарт
 (магистратура/ PhD докторантуpa)

 ___________ қ.             20_____ ж. «____» ________
______________________________________________________________________________,
__________________________________________________мекенжайы бойынша орналасқан
__________________________________________________мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
№_____________, 20____ ж. «____» ________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген лицензия №
 _______________________сериясы______________ 20____ ж. «____» _____________
________________________________________________________________________ Жарғы
негізінде әрекет ететін, одан әрі «Білім беру ұйымы» деп аталатын, бір тараптан,
және__________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ қызметкер
 (арнайы атағы, тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда)
одан әрі магистрант/PhD докторант» деп аталатын, екінші тараптан, ___________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(ІІД, КІІД, ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымының атауы )
____________________________________________________________________ тұлғада,
_________________________________ негізінде әрекет ететін, одан әрі «Тапсырушы» деп
аталатын және ___________________________________________қызметкердің мүддесінде,
                  (арнайы атағы, тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда)
әрекет ететін екінші тараптан, төмендегілер туралы осы келісім-шарт жасады:

I. Келісім-шарттың мәні
 1. Білім беру ұйымы өзіне жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес күндізгі оқыту нысаны бойынша магистратураның/PhD докторанту­раның білім бағдарламалары бойынша білім алушының оқуын ұйымдастыру бойынша міндеттерін алады.
 Мамандықтың шифры және атауы: ______________________________________
 __________________________________________________________________________

II. Тараптардың құқықтары және міндеттері
2. Білім беру ұйымы:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес магистрантты/PhD докторантты конкурстың қорытындылары бойынша қабылдауға;
2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес оқытуды қамтамасыз етуге;
3) магистрантқа/PhD докторантқа оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы штаттық лауазымы (уақытша атқарған емес) бойынша лауазымдық айлықақысының жетпіс пайызы мөлшерінде лауазымдық айлықақы ай сайын төлеуге міндетті.
3. Білім беру ұйымы:
1) магистранттан/PhD докторанттан осы Келісім-шартқа, Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелеріне және Жарғысына сәйкес міндеттерін адал және тиісінше орындауды талап етуге;
 2) магистрантқа/PhD докторантқа оқу және жеке жоспарын орындамағаны үшін, Ішкі тәртіп ережелерін және Жарғыны бұзғаны үшін оқудан шығаруға дейінгі тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға;
3) магистранттың/PhD докторанттың оқу жетістіктерін тексеру мақсатында ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау нысанын анықтауға құқылы.
4. Магистрант/ PhD докторант:
1) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының көлемінде білімді, іскерліктерді және практикалық дағдыларды меңгеруге;
2) білім беру ұйымы басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, Ішкі тәртіп ережелері мен Жарғысын және осы Келісім-шарттың шарттарын сақтауға және орындауға;
3) отбасы жағдайы, тұрғылықты орны, телефоны өзгерген жағдайда жоғарыда көрсетілген жағдайлар басталған сәттен бастап ол туралы үш жұмыс күні үшінде хабарлауға міндетті.
5. Магистратурада/ PhD докторантурада білім алу кезеңінде:
1) мынадай бөлімдерді:
жеке оқу жоспарын:
ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысын (тақырыбы, зерттеу бағыты, есептілік мерзімі және нысаны);
практиканы (бағдарлама, база, есептілік мерзімі және нысаны);
негіздемесі мен құрылымы бар магистрлік/PhD докторлық диссертациялар тақырыптарын;
магистрлік/докторлық диссертацияларды орындау жоспарын;
ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалар жоспарын қамтитын жеке оқу жұмыс жоспарын орындау;
2) білім беру ұйымы белгілеген мерзімде жеке жоспардың орындалуы туралы есеп беру;
3) аралық аттестаттаудан өту;
4) магистрлік/докторлық диссертацияларды даярлау;
5) диссертацияны сараптамалық кеңеске ұсыну;
6) қорытынды аттестаттаудан өту: кешенді емтихан тапсыру, көпшілік алдында магистрлік/докторлық диссертацияны қорғау;
7 ) оқуды аяқтағаннан кейін мақсатты даярлау шеңберінде оқуға жолдаған ІІМ, ІІД, КІІД, ҚАЖД-да кем дегенде 3 жыл жұмыс істеуі керек.
6. Магистрант/ PhD докторант:
1) магистратураның/ PhD докторантураның білім беру бағдарламасымен көзделген тапсырмаларды орындау мақсатында білім беру ұйымының материалдық-техникалық жарақтарын пайдалануға;
2) ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, конференцияларға, симпозиумдарға қатысу, басылымдарға, оның ішінде білім беру ұйымының басылымдарына өзінің жұмыстарын ұсынуға;
3) жоғары оқу орнынан кейінгі оқу процесін ұйымдастыру мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру, оқытушылардың жеке құрамы бойынша ұсыныстарды кез келген түрде (жазбаша, ауызша) енгізуге құқылы.

III. Ерекше жағдайлар
7. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан магистрант/PhD докторант үшін оқуды аяқтаған кейін үш жыл
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(ІІМ, ІІД, КІІД, ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымдарының атауы )
____________________________________________________________________________
жұмыс істеуі міндетті шарт болып табылады.
8. Тапсырыс беруші магистрантты/ PhD докторантты оқуды аяқтағаннан кейін оқуға жіберілгенге дейінгі лауазымнан төмен емес лауазымға тағайындайды.
9. Магистрант/PhD докторант оқудан шығып кеткен, ауысқан немесе қайтадан оқыту курсына қалған жағдайда мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алу құқығынан айырылады.

IV. Тараптардың жауапкершілігі
10. Тараптар өзінің міндеттерін осы Келісім-шартта көзделме