Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі əлеуметтік жəрдемақыны алу үшін өтініштерді қабылдауға арналған қосымшаларды іске қосты. Әр өңірдің азаматтары өз өңірлері бойынша өтінім бере алатын 18 телеграм бот құрылды. Бұл арналардың жүктемесін азайтып, өтінім беру уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, egov.kz порталында ЭЦҚ-ны пайдаланбай, SMS арқылы өтінім беруге болады. Берген өтініміңіздің қаралғанын және өңделгенін порталдағы жеке кабинеттен тексеру мүмкіндігі қарастырылған. Бұдан басқа, 42500.enbek.kz сервисі арқылы да өтінім қабылдау жалғасуда.