Парламент • 09 Сәуір, 2020

Д.Назарбаева: «Цифрлық Қазақстан» қайта қарауды қажет етеді

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева жоғарғы Палата отырысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында туындаған мәселелерді ескеріп, оны қайта қараудың қажет екенін атап өтті.

Д.Назарбаева: «Цифрлық Қазақстан» қайта қарауды қажет етеді

«Қалыптасқан жағдайда мемлекеттік ақпараттық ресурстардың және электрондық қызметтердің жұмыс істеуінде бірқатар проблемалардың бар екені белгілі болды. Бұл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы осы дағдарыс кезінде беті ашылған проблемаларды ескере отырып, дереу қайта қарауды талап ететінін білдіреді», деді Д.Назарбаева.

Сенат спикері өз сөзінде депутаттар аталған мәселеге бірнеше рет көтергенін атап көрсетті.

«Депутаттар еліміздің басқару жүйесі мен экономиканы цифрландыруда жедел жұмыстар жүргізуге бюрократияның мүдделі емес екендігі жайлы, статистиканы бір ретке келтіру туралы бірнеше мәрте айтқан болатын. Біз енді көріп отырғанымыздай, бұдан әрі күтуге болмайды. Қимыл-әрекет жасауымыз қажет», деді Д.Назарбаева.