Коронавирус • 09 Сәуір, 2020

Қызылордада коронавирус жұқтырған әйел босанды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған әйел аман-есен босанды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева хабарлады.

Қызылордада коронавирус жұқтырған әйел босанды

8 сәуір күні ауруханаға түскен аяғы ауыр келіншектің сырқаттанып тұрғаны байқалған. Тексеру барысында оның дене температурасы 38,1 градусқа дейін жеткен екен. Жүкті әйелден алынған тесттің нәтижесі оның коронавирус жұқтырғанын көрсеткен.

Босану кезінде ешқандай қиындық болмаған. Шақалақ аман-есен дүние есігін ашыпты. Сәбидің салмағы 2970 грамм, бойы – 51 сантиметр. Жағдайы қалыпты. Коронавирус инфекциясына байланысты анализ алынған.

Келіншекті кезекші бригада қажетті қорғаныс киімімен босандырғанын айта кеткен жөн. Содан кейін олар 2 аптаға үй карантиніне жіберілді.

Коронавирус жұқтырған келіншекті босандырған Қызылорда облыстық перзентханасының қызметкерлері мыналар:

Ақбота Қонқабаева, акушер – гинеколог

Айгерім Еңсепбаева, акушерка

Меруерт Аққайырова, неонатолог

Айгүл Тұрғанбаева, мейірбике