Әлем • 10 Сәуір, 2020

Коронавирустан қашып, ағашқа тығылды

1326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда коронавирустан қашып ағаштың ішіне тығылған адамға байланысты сот ісі қозғалды.

Коронавирустан қашып, ағашқа тығылды

Түркияның Самсун аймағының Илкай Гүмүшсу есімді тұрғыны ағаштың ішін ойып, үй жасап, оны әлеуметтік желіге салған. Ол бұл қадамын коронавирустан қорғану үшін деп түсіндіреді.

«Коронавирус келсін де, мені осы жерден тауып алсын. Тоқылдақ секілді ұя жасап алдым. Әй, коронавирус! Еркек болсаң, мені тауып ал» дейді Илкай өзі түсірген видеода.

Орман басқармасы Гүмүшсудың әрекетін заңсыздыққа балап отыр. Олардың сөзіне сүйенсек, Илкай қайың ағашының ішін ойып, қоршаған ортаға зиян келтірген. Осылайша, оны әкімшілік жауапқа тартпақ.

Алайда Айвачик ауылының тұрғыны өзіне тағылған айыппен келіспейді. «Тірі ағаштың ортасын тесу мүмкін бе? Қайыңның іші о бастан қуыс еді. Мен есік қана жасадым» дейді Илкайдың өзі.

Коронавирустан қашқан азамат өз әрекетін індеттен зәрезеп болғандардың көңілін көтеру үшін жасадым деп түсіндіреді.