Карантин жарияланғаннан бері бұл салада тоқыраудың белгілері байқала бастаған. Автокөлік дилерлерінде автомобиль сатылымы туралы наурыздағы статистика кейінірек жарияланатын. БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО компаниялар тобының баспасөз қызметі бүгінгі өткен онлайн жиында жылдың үшінші айында да сатылымдардың өскенін көрсетті. Наурызда Қазақстанда Asia Auto зауытында құрастырылған 2,4 мың автомобиль сатылды. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 38 пайызға көп. Сарапшылар, бұл фактор автокөлік сатып алуға тұтынушылардың дайындықпен келетінін, бұл фактор соның нәтижесі екенін айтады. Ал наурыз, сәуір айындағы жағдайдың нәтижесі алдағы мамыр айында белгілі болады. Бірақ қазірдің өзінде жағдайдың қиындап бара жатқаны сезіліп қалыпты: наурыздың соңғы онкүндігі мен сәуір айының алғашқы онкүндігінде көлік сатып алуға тапсырыс бергендердің саны күрт азайып кеткен.
Эпидемиологиялық жағдай, «КазАвтоПром» сарапшысының пікірінше, автомобиль саласындағы жыл сайынғы болжамдарына өзгеріс енгізуге мәжбүрлеп отыр. Еліміздің ірі қалаларында автокөлік сататын дүкендердың есігі жабылды. Бұл тұтынушылық белсенділікті күрт төмендетіп жіберді.
«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы түсіндіреді: Қазіргі уақытта «Азия Авто» зауыты карантин аяқталғаннан кейін пайда болатын кейінге қалдырылған сұраныс бойынша жұмыс істеуде.
«Азия Авто Зауыты» төтенше жағдайдағы қолданыстағы талаптарға сәйкес қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр. Біз шетелдік серіктестермен, қызметкерлермен және тапсырыс берушілермен келісімшарттық міндеттемелерді орындаймыз. Берешек пен тоқтап қалу ықтималдығы шектеу шаралары мен мемлекет экономикасындағы күйзелістер деңгейіне байланысты», деп түсіндірді компаниялар тобының баспасөз қызметі.
Артур Мискарянның айтуынша, қазіргі жағдай автомобиль шығару көлемін азайтуға мәжбүрлеп отыр. Егер, жағдай бұлай жалғаса берсе, жұмысшыларды босатуға тура келеді. «Наурыз айында 20-25% өсім болды, Алдағы өзгерістерді әлі бағалау мүмкін емес. Мұның бәрі төтенше жағдайдың қанша уақытқа созылатындығына және валюта бағамы қандай деңгейде тұрақтандырылатынына байланысты», деп қорытындылады «КазавтоПром» одағы стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры.
Бірнеше күн бұрын автоөндірушілер үкіметке бұл саланы қолдау шараларын қабылдау туралы өтініш жіберді. Біріншісі – ШОБ үшін қабылданған салықтық жүктемені азайту. Сала өкілдерінің айтуынша, салық салуды жыл соңына дейін кейінге қалдыру арқылы автокөлік саласындағы жұмыс орындарын сақтауға болады.
Артур Мискарянның айтуынша, жақын арада интернет арқылы автомобиль сатылымы қазақстандық автокөлік бизнесінің жаңа бағыты пайда болады.Сала өкілдері мұны жаңа бағытқа бейімделудің басы деп отыр.