Бір подъезден тұратын үйде 169 адам карантинге алынса, екінші үйдің екінші подъезді ғана қоршалып, 32 адам карантинге жіберілген.
-Тәулік бойы полиция қызметімен күзет жүргізіледі, - дейді қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.-Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер де тұрғындармен тікелей байланыста болады.
Қазір карантиндегі адамдардың жағдайы тұрақты. Бүгін түстен кейін дауыс зорайтқышы арқылы тұрғындарға қосымша төтенше жағдай режимін сақтау шаралары мен карантинде болу ережелері туралы хабарланды.
Ал, қала әкімдігінің мәліметінше, облыс орталығындағы Усолка шағын ауданы Майра көшесі, 41 үйге шұғыл тексеріс жүргізілген. Өйткені, осы үйдегі пәтерлердің бірінде коронавирус жұқтырған адам болуы мүмкін деген ақпарат түскен.
–Бірақ, бұл мәлімет расталмаған. Қазір тұрғын үйде өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес ол жерге полиция қызметі және облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары жіберілді,-дейді Светлана Гладышева.
ПАВЛОДАР