Руханият • 12 Сәуір, 2020

Мəдениет жəне спорт министрлігі жаңа жобаны қолға алды

405 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 10 сəуірден бастап 6-18 жас аралығында  #onerli.oren хэштегімен  өткізілетін «Өнерлі өрен» республикалық байқауы басталғанын жариялайды.

Мəдениет жəне спорт министрлігі жаңа жобаны қолға алды

Аталған байқау - вокал (дәстүрлі, эстрадалық, академиялық), музыкалық аспапта ойнау (ішекті, пернелі, ұрмалы, үрмелі аспаптар бойынша), көркемсөз (өлең оқу шеберлері), бейнелеу жəне қолданбалы өнер жанрлары бойынша өтеді.

Байқауға қатысушылардың жасы: 6 мен 18 жас аралығы. Өнерпаздар жас шамасына қарай 6-9 жас-кіші топ, 10-13-жас-орта топ, 14-18-жас үлкен топ болып үшке бөлінеді.

Байқауға қатысу үшін алдын ала сапалы түсірген бейнежазбасы мен қатысушы туралы толық ақпаратты [email protected]

[email protected] электронды поштасына жолдайды. Байқауға қатысушы шығармасын жанды дауыста орындауы керек.

Әр жанрдан 10 қатысушыдан топталып бақ сынайды.

Түнгі 00:00-де бір жанр, бір жас шамасындағы 10 баланың бейнежазбасы @onerli.oren инстаграмм парақшасына, #onerli.oren хэштегімен және Onerli.Oren ютуб каналында  жарияланады.

Дауыс беру- ЛАЙК арқылы тек инстаграм парақшасында жүргізіледі. Бір лайк-бір дауыс.

Дауыс беру әр жанрдан 10 қатысушының бейнежазбасы жариялаған сәттен бастап, 3 тәулік бойы ашық қабылданады, 3-ші күні 23:00-де дауыс беру тоқтатылады.

Жеңімпаздар 23:30-да парақшада жарияланып отырады. Қатысушының бейнежазбасы парақшада сақталып тұра береді, одан әрі қарай жиналған дауыстар мен жазылған пікірлердің байқауға қатысы болмайды.

Дауыс беру қатаң сүзгіден өтетін болғандықтан, бағдарламалар (бот) арқылы  берілген дауыс есептелінбейді.

Бірдей дауыс жинаған өнерпаздар болған жағдайда, бірдей екі орын беріледі. Әр күнгі қатысушылар арасындағы жүлде: БАС ЖҮЛДЕ, 1-ОРЫН, 2-ОРЫН,3-ОРЫН.

Жүлдегерлерге ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауреаттық дипломы беріледі. Диплом электронды қалыпта көрсетілген поштаға жіберіледі. Орын алмаған қатысушыларға ҚАТЫСҚАНЫ ҮШІН дипломы беріледі.

Байқау жанрлары алдын ала жиналған бейнежазбалардың санына қарай жүреді.  

Байқау соңында БАС ЖҮЛДЕ алған қатысушылар туралы толық ақпарат парақшада жарияланады.