Аймақтар • 12 Сәуір, 2020

Атырау: NCOC 1 млрд теңгенің жабдығын алып берді

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

#Bizbirgemiz қайырымдылық акциясы аясында NCOC компаниясы Атыраудағы №2 облыстық ауруханаға 1 миллиард теңгенің жабдығын сыйға тартты.  

Атырау: NCOC 1 млрд теңгенің жабдығын алып берді

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы аптада NCOC №2  облыстық ауруханасының қарқынды терапия бөліміне қосымша медициналық құрал-жабдықтар, оның ішінде өкпені жасанды желдету аппараттарын, жеке сақтану құралдарын, сонымен қатар, Атырау өңірінің өзге де медицина мекемелеріне антибиотиктерді, инфузиялық ерітінділерді, зарарсыздандыру құралдарын табыстады. Сондай-ақ,  компанияның арнайы шақыртуымен келген ұлыбританиялық дәрігер атыраулық медицина қызметкерлеріне COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды қарқынды терапиямен емдеу бойынша тұрақты оқыту курстары  мен семинарлар өткізіп, кеңес беруде.

Бұған дейін NCOC ауруханаға жалпы құны 1 миллиард теңгеге жуық қаржыға өкпені жасанды желдету аппараттарын, шығын материалдарын, өзге де қарқынды терапия жабдығын алып берген еді.

–Біз осындай шараларды алдағы уақытта да жалғастырамыз. Жақын арада Атырау және Маңғыстау облыстарының медицина қызметкерлері үшін медициналық құрал-жабдық пен жеке сақтану құралдарының тағы бір партиясының жеткізілуін күтудеміз -дейді  NCOC компаниясының басқарушы директоры Ричард Хоув.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ