Қазақстан • 13 Сәуір, 2020

Қытайдан көмекке дәрігерлер келді

208 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өткен аптаның аяғында Қытай Халық Республикасынан елімізге коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды диаг­ностикалау, емдеу және өзара тәжірибе алмасу мақсатында 10 дәрігер келді.

Қытайдан көмекке дәрігерлер келді

Олардың арасында пульмонолог, эпидемиолог, инфек­цио­нист мамандар мен сарап­шылар бар. Ақ халаттылар 24 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай төрағасы
Си Цзиньпиннің телефон арқылы келісуі бойын­ша ше­ка­­ра­­лық аймақта орна­лас­қан Шың­жаң өлкесінің бес аурухана­сынан арнайы жө­нел­тіліп отыр. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы және Қара­ған­ды қала­ла­рында бес-бес күн­нен болады деп жос­пар­ланған. Көмекке келген дәрігерлердің барлығынан Қазақстанға кел­ген бойда бірер сағатта нәти­же­сі дайын болатын сынамалар алынып, ден­сау­лық жағдайы тек­се­ріл­ген. 

Жұма күні ШҰАР Халық ауру­­­ханасы бас дәрі­ге­рі­нің орынбасары Лу Чын мен Шың­жаң медицина уни­вер­си­тетінің №1 серіктес ауру­ха­насының жұқ­палы аурулар дәрігері Лу Шяубо Прези­де­нт жанындағы Ор­талық коммуникациялар қыз­­ме­тінің онлайн баспасөз мәс­лихатына қатысып, жур­на­лис­тердің сұрағына жауап берді.

Оқшаулану коронавирус­тан сақтанудың және таралуына жол бермеудің ең нәтижелі тәсілі екенін жеткізген олар ел­ор­­дадағы күшейтілген тө­тен­­ше жағдай режімінің жақ­сы сақталып жатқанына оң бағасын бер­ді. «Карантин көп­теген адам­ның тұрмысына қо­лай­­сыз­дық әкелетіні рас. Бірақ бұл ін­деттен тез құтылудың бірден-бір тиімді жолы. Біз Нұр-Сұл­тан­ға кеше келдік. Соған қара­мас­тан біз бұл қалада жақсы жұ­мыс жүргізіліп жатқанын байқадық. Ең бас­тысы, карантин енгізілген. Көптеген әріп­тесіміздің маска тағып жүр­генін, тіпті бізді осында алып келген жүргізушінің де арнайы киім кигенін көрдік. Сол себепті қолға алынған шаралар дұрыс деп ойлаймын. Кейін ауруханаларға барып, жағдаймен толық танысқан соң толықтай баға береміз», деді инфекционист Лу Шяубо. 

Ал Лу Чынның айтуынша, Қытайда 3387 медицина қыз­меткері ауру жұқтырған. Оның 90%-ы Ухань қаласының дәрі­герлері көрінеді. «Оларға ин­фекция алғаш таралған кезде жұққан. Медицина қыз­мет­керлері аурудың алдын алуға арналған оқу-жаттығудан өтіп, қорғаныш құралдарымен қам­тамасыз етілген соң ауру жұқтыру деңгейі айтарлықтай тө­мендеді», деді ол.

Елімізге келген мамандар Шыңжаң провинциясында ін­дет жұқтырғандарды емдеу­ге атсалысқан Шыңжаң өлкелік Халық ауруханасы, Шыңжаң медицина университетінің №1 серіктес ауруханасы, Өл­ке­­лік дәстүрлі қытай меди­­­ци­насы ауруханасы, Іле об­лыс­тық санитарлық-эпиде­миялық бақылау орта­лы­ғы және Іле облыстық Достық ауру­­ханасының басшылары мен қызметкерлері. Айта ке­тер­­­лігі, COVID-19 Шыңжаң провинциясындағы 76 адамға жұғып, үшеуі қайтыс болған еді. Қалғандары түгел жазылып шыққан аймақта соңғы 55 күннен бері жаңа жағдай тіркелмеген.