Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Өскеменде баға көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде төтенше жағдай кезінде азық-түліктің бағасын көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынды деп хабарлайды Өскемен қалалық Мониторинг комиссиясы.  

Өскеменде баға көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынды
Комиссия мүшелері облыс орталығындағы ірі сауда орындарында рейд жүргізді. Бұл жұмыс тобының құрамына Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімінің өкілдері мен қалалық мәслихат хатшысы Александр Светаш кіреді. 11 сәуірде жүргізілген тексерудің барысында қарақұмық, тұз және бірінші сұрыпты ұнның бағасын көтеру бойынша үш әкімшілік хаттама толтырылып, 100 АЕК немесе 277 800 теңге мөлшерінде айыппұл салынған екен. Мұндай әрекет қайта қайталанған жағдайда айыппұлдың мөлшері 200 АЕК немесе 555 600 теңгеге дейін өседі.

Айта кетсек, бірқатар сауда орындарының қожайындары килосы 281 теңге тұратын қарақұмықты 385-390 теңгеден, тұзды – 60 теңгеден (47 теңге сатылуға тиіс), ұнды – 245 теңгеден (146 теңге) саудалаған.