Қоғам • 14 Сәуір, 2020

Kaspi Gold арқылы 351 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алды

513 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

351 мың қазақстандық Kaspi Gold арқылы 42 500 теңге жәрдемақы алды. Тек соңғы 3 күнде 200 мыңға жуық қазақстандық Kaspi.kz қосымшасында онлайн Kaspi Gold шотын ашты.

Kaspi Gold арқылы 351 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алды

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе бұл туралы: «Біз қазір Kaspi.kz -тің ең заманауи цифрлы технологиялары іс жүзінде мемлекетке халықты әлеуметтік қолдау бағдарламасын қысқа мерзімді жүзеге асыруға, ал қазақстандықтарға жәрдемақыны ыңғайлы әрі ең бастысы, үйден шықпастан қауіпсіз алуға көмектескенін көріп отырмыз. Қазірдің өзінде 351 мың тұтынушымыз Kaspi Gold арқылы 42 500 теңге жәрдемақы алып үлгерді» деп атап өтті.

Банк басшысының айтуынша, «Kaspi Gold кезекті рет Kaspi.kz ұсынған ең сүйікті және танымал карта  мәртебесін тағы да растады. Тек соңғы 3 күнде 200 мыңға  жуық қазақстандық біздің қосымшамыз арқылы онлайн Kaspi Gold шотын ашты».

9 сәуір, жұма күні Михаил Ломтадзе қазақстан­дықтар бөлімшеге келместен, үйде отырып Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Gold шотын ашуға мүміндік беретін жаңа, ерекше онлайн сервистің іске қосылғанын хабарлады. Шот нөмірін 42 500 теңге жәрдемақыны алу үшін пайдалана алады.

Қазақстандықтар Kaspi Gold шотын ашқаннан кейін Kaspi банкоматтан ақша шешіп, кез келген  Kaspi Gold-қа ақша аударып, 5 мыңнан астам қызмет ақысын комиссиясыз төлей алады, сондай-ақ Kaspi.kz-тегі дүкенде зат сатып алуына және бонус иеленуіне болады. Карантин мен төтенше жағдай аяқталған соң Kaspi Gold пластикалық картасын Kaspi.kz-тің кез келген бөлімшесінде 1-ақ минутта алып, қаладағы дүкендерде карта арқылы зат сатып алуға болады.