Экономика • 14 Сәуір, 2020

Тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 5 өңірде төмендеді

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша елімізде құрылыс бойынша нақты көлем индексі 111,7%-ды құрады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 5 өңірде төмендеді

16 өңірде оң динамика байқалады. Олардың ішінде Қарағанды (150,8%), Батыс Қазақстан (122,9%), Атырау (119,3%), Түркістан (118,5%) және Ақмола (117%) облыстары көш басында келеді. Тек  Қызылорда облысында көрсеткіштің төмендеуі байқалады.

Тұрғын үй құрылысы бойынша 2020 жылдың бірінші тоқсан қорытындысында 2 млн 642 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ол 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,4%-ды құрады. Жылдық жоспардың орындалуы 18,7%-ды құрады (жоспар 14,1 млн шаршы метр).

Республика бойынша барлығы 21 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 10 мыңға жуығы - жеке тұрғын үйлер.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің ұлғаюы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 12 өңірде байқалады. Көшбасшы өңірлер: Алматы (120,9%), Жамбыл (120,6%), Қарағанды (107%), Павлодар (105,8%) және Қостанай (105,4%) облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы (108,8%).

Тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 5 өңірде төмендеді: Батыс Қазақстан (57,5%), Атырау (66,6%), Түркістан (76,5%) және Маңғыстау (94,7%) облыстарында және Шымкент (24,3%) қаласында.

Жалпы, жыл қорытындысы бойынша Министрлік жетекшілік ететін барлық салаларда нақты көлем индексінің жоспарлы көрстекіштеріне қол жеткізіледі деп болжанып отыр.