Медицина • 15 Сәуір, 2020

Жұртқа көмегімнің тигеніне қуанамын

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мен қазір облыс орталы­ғын­дағы провизорлық госпитальда аға медбике болып жұмыс іс­теймін. Осы салада 21 жылдан бері еңбек етіп келемін. 22 нау­рыздан бері үйге қайтпай, үзі­ліссіз қызмет атқарудамыз. Екі апта жұмыс істесек, екі апта демаламыз. Қазір екін­ші кезекке шықтым.

Жұртқа көмегімнің тигеніне қуанамын

Мен 2-топ­тағы қауіпті­лігі жоғары медицина қызмет­кер­лерінің қатар­ын­дамын. Мем­лекет тағайындаған тиесілі сыйа­қыны алып қуанып жатырмыз. Алдыңғы шепте жүрген ақ халаттылардың еңбегін жоға­ры бағалаған Пре­зидентке алғы­сым шексіз. Әрине бұл біз­дің міндетіміз бол­ғандық­тан еш­кімге ештеңе бұл­дамайтынымыз анық. Дегенмен, еңбектің елен­гені көңі­лі­мізді кө­терді.

Ал таңдаған маман­дығым­ның елдің игілігіне жарап, жұрт­қа көмегімнің тигеніне қуаныш­тымын.

 

Анар ИМАНҒАЗИНА,

Ақтөбе облыстық инфекциялық ауруханасының медбикесі