Осы жолы 2-топтағы қауіптілігі жоғары медицина қызметкері ретінде сыйақымды алдым. Бұл – ақ халаттыларды айрықша қолдау. Еңбегімізді бағалаған Мемлекет басшысына шексіз алғыс айтамын. Мемлекеттің қамқорлығына бөленген әрбір азамат өз ісіне деген жауапкершілік пен ынтаны арттырары анық.
Бұл қиындықты да еңсереміз. Қазақстан халқы, менің ұжымым мен отбасым тек шыдамдылық танытады, әдеттегі өмірімнің жақында қалпына келетініне сенемін.
Азамат ИЗБАСОВ,
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық ауруханасының реаниматолог дәрігері