Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Коронавирустан жазылып шыққан азамат үйінде бақылауға алынды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1988 жылғы азамат Павлодар облысында бірінші болып аталған инфекцияны жұқтырған болатын, деп хабарлады pavlodarnews.kz тілшісі.

Коронавирустан жазылып шыққан азамат үйінде бақылауға алынды

Бұл туралы онлайн баспасөз конференциясында Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев мәлім етті.

-Белгілі болғандай, коронавирус облысымызда бірінші болып Ақсу қаласынан табылған болатын, - деді Балғабай Ыбыраев.

Ер адам елордада құрылыста жұмыс істеген. Бұрын індет жұқтырған адаммен байланыста болған. Емдеу шараларын толық қабылдап, жазылып шықты. 22 сәуірге дейін өз үйінде карантинде болады. 

Бүгінде Ақсуда 77 адам індетке қатысты бақылауға алынған. Оның 59-ы үй бақылауында, 18-і медициналық бақылауда.

Коронавирус жұқтырған азаматтар анықталса, уақытша бақылауға алатын 30 орынды бөлім дайындалған.

Еске салайық, Ақсудағы азаматтан 27 наурыз күні коронавирус анықталып, 9 сәуір күні емделіп шыққан болатын.