Экономика • 16 Сәуір, 2020

Экспортқа қандай тауарлар шығарылады?

1089 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Экспортқа қатысты сұрақтың көбеюіне байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті халықтың үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың қайсысын экспорттауға рұқсат етілгенін және шектелгенін түсіндірді.

Экспортқа қандай тауарлар шығарылады?

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы» Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес мына өнімдерді сыртқа шығаруға рұқсат етілген. Олар:

– Бидай немесе қара бидай ұны;

– Жұмсақ бидай және меслин;

– Тұқымдық картоп;

– Бастапқы орамадағы тазартылмаған шикі күнбағыс майы, таза көлемі 10 литр немесе одан кем;

– Бастапқы орамадағы тазартылмаған шикі күнбағыс майы, таза көлемі 10 литрден артық.

Осыған байланысты, Ауыл шаруашылығы министрлігі уәкілетті органымен берілген фитосанитарлық және (немесе) ветеринарлық сертификаттардың болуы аталған бұйрықты орындау шеңберінде тауарларға кедендік декларациялауды жүзеге асырады.

Сондай-ақ аталған бұйрықта Қазақстан аумағынан мына тауарлардың шығарылуына тыйым салынған:

– Қарақұмық;

– Ақ қант;

– Тұқымдық картопты қоспағанда, картоп;

– Күнбағыс тұқымдары, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған;

– Бастапқы орамадағы тазартылған шикі күнбағыс майы, таза көлемі 10 литр немесе одан кем;

– Бастапқы орамадағы тазартылған шикі күнбағыс майы, таза көлемі 10 литрден артық;

– Қарақұмық жармасы.