Руханият • 16 Сәуір, 2020

Түркі әлемінің өнерпаздары «Op mayda» әнін шырқады

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының қолдауымен басталған «Үйде болыңыз» шарасы аясында түркі әлемінің өнерпаздары «Op mayda» әнін шырқады.

Түркі әлемінің өнерпаздары «Op mayda» әнін шырқады

Түркі музыкалық аспаптарынан құралған оркестр бағдарламасы биылғы Наурыз мерекесіне арналған болатын. Алайда коронавирус індетінің белең алуына байланысты тоқтатылған еді. Енді оркестр мүшелері басталған істі онлайн түрде аяқтауға ниетті.

Айта кетейік, «ТҮРКСОЙ» дәстүрлі аспаптар оркестрі 2016 жылы Анкарада құрылды. Оның құрамында, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркиямен қатар, Ресей Федерациясы құрамындағы автономды республикалардың өнерпаздары бар.