Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Шымкенттегі Зообақ ұжымына тегін медициналық бетперде таратылды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикамызда коронавирус індетінің алдын алу, тұрғындар арасында сақтық шараларын сақтау үшін Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылып, белсенді жұмыс істеп келеді. 

Шымкенттегі Зообақ ұжымына тегін медициналық бетперде таратылды

Осы игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетперделерді тегін тарату үшін 5 миллион бетперде сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын. 

Осыған орай арнайы қордан Шымкентке келген милиион дана бетперде Зообақ ұжымына да таратылды. 

Зообақ директоры Нұрғазы Бұқарбай өзі бас болып коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан табысталған медициналық бетперделерді таратты. 

Бұл медициналық көмек құралдары әрбір қызметкерге 50 данадан үлестірілетін болады. Игілікті бастамаға «Nur Оtan» партиясы мүшелері мен еріктілер атсалысты.

 

Шымкент