Спорт • 16 Сәуір, 2020

Магнус Карлсен 16 жастағы шахматшыдан жеңілді

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Норвегияның атақты шахматшысы Магнус Карлсен «Banter Blitz» деп аталатын онлайн турнирде 16 жасар ирандық ойыншы Әлиреза Фируджуге есе жіберді.

Магнус Карлсен 16 жастағы шахматшыдан жеңілді

Қазіргі кезде барлық БАҚ өкілдері бұны сенсация деп бағалауда. Шынында да бұл нәтижеге таңданбау мүмкін емес. Себебі, биыл 30 жасқа толғалы отырған Магнус Карлсен 2013 жылы ресейлік Владимир Крамникті қапы қалдырып, әлем чемпионы атанған болатын. Сол кезден бері ол чемпиондық тәжді сақтап келеді. Бір сөзбен айтсақ, бүгінгі таңда Скандинавияның саңлағына тең келер ешкім жоқ. 

Онлайн-турнирде жас дарынға есе жіберген Карлсен: «Әлирезаның мықтылығын мойындадым. Ал расында да өте мықты ойыншы екен», - деп мәлімдеді. Осы жеңісінің арқасында Иран шахматшысы 14 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақыны қалтаға басты.