Коронавирус • 16 Сәуір, 2020

Елордада коронавирус жұқтырған 9 науқастың жағдайы ауыр халде

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы коронавирус жұқтырған науқастардың қазіргі денсаулық жағдайы жайында айтты. 

Елордада коронавирус жұқтырған 9 науқастың жағдайы ауыр халде

«Нұр-Сұлтан қаласында осыған дейін вирусты жұқтырған жалпы 319 адам анықталды. Оның 47 пайызы ерлер, 53 пайызы әйелдер. Коронавирусты жұқтырғандардың 43 пайызы – 30-49 жас аралығындағы азаматтар. 26 пайызы 18-29 жасқа дейінгілер, 16,5 пайызы – 50-59 жас аралығындағы адамдар болса, 9 пайызы 60-69 жас аралығындағы азаматтар. 3 пайызы – 70 және одан үлкен жастағы кісілер. 3,4 пайызы – 18-ге толмаған балалар», деді Сәуле Қисықова.

Оның айтуынша, қазір 9 науқастың жағдайы ауыр халде.

«Жалпы елордада емделіп шыққандардың саны – 154 адам. Аталған азаматтар үй жағдайындағы карантинде тағы 14 күн бойы болуы тиіс. Сонымен қатар бүгін ауруханадан бір шетел азаматы жазылып шықты. Аталған азамат Ыстамбұл-Нұр-Сұлтан рейсінен түсірілген болатын. Қазіргі уақытта ауруханаларда 399 науқас ем алуда. Оның 170-і коронавирустан емделушілер. Оның ішінде 10 науқас – басқа облыстардың тұрғындары. Сонымен қатар 9 науқастың жағдайы ауыр халде. Оның төртеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр. Басқа науқастардың жағдайы қалыпты», деді ол.