Саясат • 17 Сәуір, 2020

Бітімгерлер өз міндеттерін сапалы орындауда

197 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық 3-ші бітімгершілік ротасы үндістандық батальон құрамындағы БҰҰ-ның Ливандағы бітімгершілік миссиясын жалғастырып жатыр. Пандемияға байланысты миссия қолбасшылығы вирус таралуының алдын алу үшін барлық сақтық шараларын қабылдады.

Бітімгерлер өз міндеттерін сапалы орындауда

Қазір Ливандағы жағдай тұрақты. Қалыптасқан ахуал жер­гі­лікті билік пен «Ливан­дағы БҰҰ уақытша күш­те­рі» қолбасшылығының бақы­лауында. 26 сәуірге дейін елде төтенше жағдай жарияланған. Дипломатиялық тұлғаларды қос­пағанда, бүкіл халық үшін Бейрут әуежайы, құрлық және теңіз өткелдері жабылған.

Қазақстандық 3-ші бітім­гер­шілік ротасының командирі, майор Жәнібек Нұрлановтың айтуынша, бітімгершілік база­сын­­дағы жағдай тұрақты. Жа­уап­кершілік аймағында миссия­дағы 11 мың әскери қыз­­метші мен азаматтық бітім­гер­лер­дің денсаулық қауіп­сіз­ді­гін қам­та­масыз ету үшін карантин енгі­зіл­ген.

Бітімгерлік базаның әрбір бақылау-өткізу пунктінде ме­ди­циналық персонал кезек­ші­лік етеді. Байланыссыз термо­мет­рия жүзеге асырылып, сани­­тар­лық-гигиеналық норма­ларының қатаң сақталуы бақы­ла­нады.

Бітімгерлерге вирусты жұқ­тыру фактілері тіркелген аудан­дар­ға сапар жасамау және жер­гілікті халықпен қарым-қаты­нас жасауға барынша шектеу ұсынылған. Жеке құраммен ко­ронавирустық инфекцияны жұқ­тырудың алдын алу және бол­дырмау бойынша сабақтар үнемі өткізіледі.

«Біздің алдымызда тұр­ған ең маңызды міндет – бітім­герлерімізді вирусты жұқ­ты­ру­дан қорғау. Сонымен қатар оның таралуының алдын алу. Қазіргі уақытта біздің жұ­мы­­сымыз осы­­ған бағыт­тал­ған», дейді қа­зақ­­стандық кон­тин­генттің ко­ман­­дирі.

Командирдің айтуынша, біздің бітімгерлердің мо­раль­дық-психологиялық жағ­­да­йы жоғары деңгейде. Ол­ар барлық қауіпсіздік шарала­рын қатаң ұстана отыра, «кө­гіл­дір сызық» бойында тұ­рақ­­­тылықты қамтамасыз ету үшін 24/7 режімінде жедел қыз­метті жү­зеге асыру сынды өз мін­дет­терін орындауды жал­ғас­ты­руда.

Қазақстандық бітімгершілік кон­­тингенті модульдік үлгі­де­гі екі бітімгершілік базада ор­на­ласқанын атап өткен жөн. Күн­­делікті жайлы жағ­дайы қа­лыптасқан. БҰҰ тарапынан қам­та­масыз етілетін үш мезгілдік тамақтану ұйымдастырылған. Дене шынықтырумен айналысу үшін жабдықталған спорт залы бар. Міндеттерді орындаудан бос уақыт кезінде бітімгерлер фут­бол, волейбол, шахмат және бильярд ойнайды. Әркім өз отбасымен бейнебайланыс арқылы хабарласа алады.

Миссия басшылығы қазақ­с­тан­дық бітімгерлердің жақсы да­йындығы мен тәртіптілігін атап өтті.