![Соғыста қаза болған жауынгердің сүйегі Қарағанды облысына жеткізіледі](/media/2020/04/17/sol-17.jpg)
Мына қызықты қараңыз, бүгінгі күнде ерлікпен опат болған майдангердің Шет ауданында тұрып жатқан туыстары табылды.
– Басымызға жай түскендей болды. Күтпеген хабар, қуанышты жаңалық. Бұл кісінің моласын марқұм әкем талай іздеді, таппаған еді. Біз «Тризна» іздеушілер тобына басымызды иіп алғыс айтамыз. Ендігі ең басты мақсатымыз – атамыздың сүйегін елге әкеліп, туыстарының жанына жерлеу, – дейді Медет Аманжоловтың немересі Арман.
Ресейліктер майдангердің «мәңгі медальоны» мен құжаттарын Қазақстандағы туыстарына беріп жіберіпті. Бүгінгі күнде Аманжоловтар Қазақстандағы Ресей елшілігімен сөйлесіп, марқұмның сүйегін елге әкелу жөнінде ақылдасыпты. Дегенмен, бұл шаруа карантин мен төтенше жағдай режимі біткен соң ғана іске аспақ.
Медет Аманжолов майданға 24 жасында аттанып, Ұлы Отан соғысынынң басынан бастап алдыңғы шепте болған. 1942 жылы «қара қағаз» келгенге дейін ол елге үшбу хаттар жазып тұрыпты.
1942 жылдың 4 қазанында жау қолынан қаза тапқан ержүрек сарбаздың сүйегі сексен жылдан соң өзінің кір жуып, кіндік кескен атамекеніне, нақты айтқанда Шет ауданындағы Ақадыр кентіндегі қорымға әскери құрметпен жерленетін болады.
Қарағанды облысы