Спорт • 18 Сәуір, 2020

Норман Хантер коронавирустан қайтыс болды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус дертіне шалдыққан кезіндегі Англияның атақты футболшысы Норман Хантер бір аптадай ауруханада жатып, кеше қайтыс болды. Ол 76 жаста еді.

Норман Хантер коронавирустан қайтыс болды

Тұманды Альбион елінің өкілі бақандай 20 жыл бойы жасыл алаңда жасындай жарқырады. 1962-1982 жылдар аралығында «Лидс», «Бристоль Сити» және «Барнсли» клубтарында ойнады. Амплуасы – қорғаушы. Англия кубогы, Лига кубогы, Англия суперкубогы, Жәрменке кубогы секілді жарыстарда бас жүлдені олжалады.  

 

Норман Хантер Англияның ұлттық құрама командасы сапында 1966 жылы әлем чемпионы атанса, 1968 жылы Еуропа біріншілігінің қола медалін жеңіп алды. Кейіннен бапкерлік қызмет атқарған Хантер журналистикада да бағын сынады.