Қоғам • 18 Сәуір, 2020

Полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен тұрғын ұсталды

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада ТЖ жағдайында полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен тұрғын ұсталды, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен тұрғын ұсталды

«Полиция департаменті соңғы кездері полицейлерге қол көтеру оқиғаларының жиілеп кеткенін хабарлайды. 17 сәуірде 30 жастағы ер адам карантин режимін бұзып, мектеп аумағындағы спорттық алаңда жаттыққан. Полицияның алаңнан кету туралы талабын елемей, қызметкерлерді баспен соққан», - делінген департаменттің хабарламасында.

Заңбұзушы «Алматы» аудандық полиция басқармасына жеткізілген және ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапта 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. «Ер адам Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлеріне жәбір көрсету, зорлық-зомбылық фактілері бойынша қылмыстық істе тараптардың мәмілеге келуі практикасы алынып тасталғанын еске саламыз», - дейді департамент.