Спорт • 19 Сәуір, 2020

Кәсіпқой бокс кеші 19 маусымда өтеді деп жоспарлануда

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақта күш сынасып жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова осыдан біраз уақыт бұрын ресейлік Софья Очигаваны жекпе-жекке шақырған болатын.

Кәсіпқой бокс кеші 19 маусымда өтеді деп жоспарлануда

Ресей спортшысы кезінде Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлемнің екі және Еуропаның үш дүркін чемпионы атанып, басқа да көптеген аса ірі халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтерілді. Кәсіпқойлар арасындаөзінің тұсаукесер кездесуін Софья Очигава 2016 жылдың 21 мамырында Фируза Шарипова қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіске жетті. Арада үш ай өтпей жатып, ресейлік Елена Медведенкодан басым түсті. Бірақ содан кейін төрт жылға жуық уақыт үлкен спорттан қол үзіп кетті.

 

Биыл Очигава өз жаттығуын қайта бастады. Бұрынғы қарсыласы рингке оралғаны жайында құлағдар болған жерлесіміз оны жекпе-жекке шақырды. Ресей боксшысы бұл ұсынысты қабылдады. Енді қос былғары қолғап шеберлері 19 маусымда Ресейдің Қазан қаласында күш сынасады деп күтілуде.