Спорт • 19 Сәуір, 2020

Теннисші Мария Шарапова 33 жасқа толды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі ең сұлу әрі сымбатты спортшылардың бірі, ресейлік теннисші Мария Шарапова бүгін 32 жасқа толып отыр.

Теннисші Мария Шарапова 33 жасқа толды

Төрт жасынан қолына ракетка ұстаған Мария уақыт оза өз қатарының алды болды. Жастайынан дара талантымен көзге түсіп, елеулі табыстарға қол жеткізді. 2002 жылы WTA рейтингінде 188 сатыда тұрған 15 жасар бойжеткен келесі жылы үздктер тізімінде 34 орынға дейін көтеріледі. 2004 жылы Уимблдонның, 2006 жылы АҚШ-тың ашық біріншілігінің 2008 жылы Аустралияның ашық біріншілігінің және 2012 мен 2014 жылдары Ролан Гарростың жеңімпазы атанады.

 

2004 жылы Қорытынды турнирде топ жарған Шарапова WTA турнирлерінде 36 рет бас жүлдені олжалады. 2005 жылдың жазында ол әлемнің бірінші ракеткасы атанады. Жалпы Ресей теннисшісі 10 жыл бойы «ТОП-10» ойыншының қатарында болады. Мария матөзінің спорттық карьерасын биыл ғана аяқтады.

 

Сонымен қатар, Мария Шарапова әлемдегі ең сұлуәрі сымбатты және әйелдер арасындағы ең бай-қуатты спортшылардың қатарында. Тек қана теннистен тапқан табысының өзі 40 миллион АҚШ долаларынан асады. Одан бөлек, ол жарнамаларға түсіп, әйгілі брендттерді насихаттау арқылы материалдық тұрғыдан мол олжаға кенелді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024