Аймақтар • 19 Сәуір, 2020

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам анықталды

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19.04.2020 ж. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам анықталды. Олардың екеуі Қызылорда қаласынан, екеуі Жаңақорған ауданынан анықталды.

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам анықталды

Ауру жұқтырғандардың екеуі 27 және 68 жастағы әйел адамдар, қалған екеуі 19 және 65 жастағы ер адамдар.  

 

Үшеуі өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болған. 

 

Ал төртінші адамнан пневмония симптомдарына байланысты зертханалық сынамалар алынған.

 

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша барлығынан COVID-19 диагнозы анықталды.

 

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Олар дер кезінде медициналық бақылауға алынып, оқшауланып, тексерістен өтіп жатыр.

 

19.04.2020 жылғы жағдай бойынша өңірде коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 147-ге жетті.

Оның ішінде емделіп шыққандар саны – 21, ем қабылдап жатқандар саны  – 126.