Аймақтар • 19 Сәуір, 2020

Атырау: Канада азаматы Амстердамға ұша алмады

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау халықаралық әуежайынан желілік ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне 16 сәуірде ұшақ бортындағы құқық бұзушылық туралы хабар түскен.

Атырау: Канада азаматы Амстердамға  ұша алмады

Полиция қызметкерлері тексеру барысында Канаданың 48 жастағы тұрғынының алкогольдік ішімдік ішкенін анықтап, оны  ұшақтан түсірді.

Кейін медициналық тексеруде шетелдіктің жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталды. Канада азаматына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 440-бабының 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ