Руханият • 20 Сәуір, 2020

Мемлекеттің қолдауына алғыс айтамын

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бизнес Бастау» бағдарламасына қатысып, жеке кәсіп ашу үшін 500 мың теңге көлемінде грант ұтып алдым. Бұл – қаражатқа ұсақ мал сатып алып, бүгінде отбасымызбен соны көбейту үшін жұмыс істеп жатырмыз.

Мемлекеттің қолдауына алғыс айтамын

Елдегі төтенше жағдайға байланысты өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған көп балалы ана ретінде мемлекеттен 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұл қаражатты аламын деп ойлаған жоқ едім. Сәуір айының басында балалардың жәрдемақысы түсетін есепшотқа аударылды. Бұл – қаражатқа тарығып, қиын жағдайға тап болған отбасылар үшін үлкен көмек. Кейінгі уақытта азық-түлік бағасы қымбаттап кетті. Көп балалы отбасылар үшін оңай емес. Осындай қиын уақытта жасалған мемлекеттік қолдауға алғысымды білдіргім келеді.

 Светлана ЖҮНҮСОВА,

көп балалы ана

* * *

Мен аспаздың көмекшісі болып жұмыс істеймін. Соңғы рет нау­­рыз айының 16-сы күні жұмысқа шық­­­тым. Сол күннен бастап жұ­мыс орнымыз уақытша жабылды.Тө­тенше жағдайдың орын алуына бай­л­анысты жұмыс беруші өзі бар­лық құжат­тарымызды рәсім­деп, тиіс­ті мекемелерге жіберген екен. 42 500 теңге жәрдемақыны алуы­­мыз­ға солайша қол жеткіздік. Екі баламыз бар. Жолдасым жұ­мыс­­­­сыз. Мемлекеттен берілген кө­мек от­ба­сымызды асырауға жете­­ді. Ка­ра­н­тин тезірек аяқталып, жұ­мыс­­қа шығатын күнді асыға кү­тіп отыр­мыз.

 

Оля ОКАТЕНКО

Павлодар облысы