Әлем • 20 Сәуір, 2020

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды

389 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Корей Халық Демократиялық Республикасы биыл бесінші рет баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді. Бұл жолы қысқа қашықтыққа ұшатын ракетаға тәжірибе жасалған.

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қыз­метінің хабарлауынша, КХДР тарапы өткен сейсенбіде сынақ жасаған. Бұл жолғы баллистикалық зымыранды ұшыру Солтүстік Кореяның негізін қалаған Ким Ир Сеннің туған күнімен тұспа-тұс келді.

Wall Street Journal-дың кел­тірген мәліметтеріне сүйенсек, бал­листикалық ракета таңғы 07:00-де жағалауға жақын орналасқан Мюнчон қаласының маңынан ұшы­рылып, Жапониямен екі ортадағы ашық теңізге құлаған. Зымыран шамамен 150 шақырымды 40 минутта ұшып өткен.

Айта кетерлігі, бұл – Солтүстік Корея тарапы биылдыққа тәжі­ри­беден өткізген бесінші баллис­ти­калық ракетасы. Бұған дейін Пхеньян 29 наурызда да сынақ жасаған болатын.

Жалпы, 2020 жыл басталғалы КХДР әскери тәжірибені жиі өткізе бастады. Мұның негізгі себебі ел бас­шысы Ким Чен Ын АҚШ-пен ара­дағы келісімді бұдан әрі қарай сақтамайтынын айтқан еді. Таяу­да КХДР басшысы жаппай қырып-жою қаруының жаңа түрін сынақ­тан өткізетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ Солтүстік Корея өткен аптада әуе күштерін де сынақ­тан өткізді. Оңтүстік Корея тарапы таратқан ақпаратқа сүйенсек, Пхеньян­нан көкке көтерілген бірне­ше «Сухой» әскери ұшақтары «Әуе-Жер» санатына жататын ракеталарын ашық теңізге тастаған.

Естеріңізге салсақ, екі жыл бұрын КХДР ядролық қару­ларын жиі сынақтан өткізіп, баллис­тикалық зымырандарын тәжіри­бе­ден өткізген-ді. Бұл БҰҰ-ның осы елге қатысты шешіміне түбе­гейлі кереғар әрекет-тұғын. Соған байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бірауыздан Солтүстік Ко­реяға санкция салу жөнінде қарар қабылдағаны белгілі. Сынақ­тардан кейін олардың бас­ты әріп­тесі Қытай да санкцияны кү­шейтті. Осының салдарынан КХДР тарапы экономикалық қиын­дыққа ұшырады. Оған қоса АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ким Чен Ын бұқаралық ақпа­рат құралдарында бір-біріне қатыс­ты түрлі сөз айтып, бірталай жерге барғаны да есімізде.

Ақыры екі елдің басшысы тарихта алғаш рет кездесіп, өзара келісімге келді. Соған сәйкес Солтүстік Корея тарапы ядролық арсеналдан бас тартып, қаруын сынақтан өткізбеуге уәде берген-ді.

Әйтсе де, сол кезде келісімге күдікпен қарағандар табылған. Кей сарапшылар КХДР-дың ядролық қарудан бас тартып, шетел басшыларымен жиі кездесуінің астары мол деп есептейтінін жеткізді. Біріншіден, Солтүстік Корея әлдеқашан қуатты ядролық қару жасап үлгеруі мүмкін. Сондықтан атом бомбасын қайта сынақтан өткізудің қажеттігі жоқ.

Екіншіден, ендігі бағыт сынақ жасау емес, құрлықаралық зымырандарды ұшыратын қондырғылар арсеналын кеңейтуге арналуы ықтимал. Кейінгі кезде Солтүстік Кореяның жақын қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандарын жиі ұшыра бастауы сол кезде айтылған болжамның растығын