Спорт • 20 Сәуір, 2020

Футболдан Франция құрамасының шартты құрамасы

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі L’Equipe басылымының оқырмандары Франция футбол тарихындағы ең үздік футболшылардың шартты құрама командасының тізімін көпшілік назарына ұсынды.

Футболдан Франция құрамасының шартты құрамасы

Үздіктер тізімінде Фабьен Бартез, Биксант Лизаразю, Марсель Десайи, Лоран Блан, Лилиан Тюрам, Патрик Виейра, Дидье Дешам, Мишель Платини, Зинедин Зидан, Тьерри Анри және Киллиан Мбаппе енді. Олардың дені 1998 жылғы әлемдік доп додасы мен 2000 жылғы Еуропа чемпионатында дара шыққан футболшылар. Сол кездері өнер көрсетпеген тек екі ойыншы ғана шартты құрамаға еніп отыр.  Олар – Платини мен Мбаппе.

Мишель Платини өткен ғасырдың жетіпісінші және сексенінші жылдары жасыл алаңда жасындай жарқырады. Ол 1984 жылы Еуропа чемпионы атанса, 1986 жылы әлем біріншілігінде қола медальді иеленді. 1983-85 жылдар аралығында Платини қарт құрлықтың теңдессіз теңбіл доп шебері ретінде «Алтын допты» иеленді.

Ал Киллиан Мбаппе 2018 жылғы әлем чемпионы және сол жарыстың ең үздік жас ойыншысына тиесілі арнайы сыйлықты олжалады. Бұл күндері ол ПСЖ клубы сапында өнер көрсетуде.

Франция тарихындағы ең үздік бапкер атағын Дидье Дешам еншіледі. 51 жастағы айтулы азамат футболшы ретінде де, жаттықтырушы ретінде де әлем чемпионы атағына қол жеткізді.